10.3. Қисықсызықты жүйелердің фазалық суреттерінің ерекшеліктері

 

 Фазалық суреттері сапалы түрде тұрғызу үшін ерекше траекториларды: ерекше нүктелер, шекті циклдер және сепаратриссалар анықтаған жеткілікті.

 Түйін, фокус немесе ер тоқым типті ерекше нүкте деп уақыт өткен сайын кескіндеуші нүкте оған жақандайтын (тепе-теңдіктің тұрақты жағдайында) немесе одан кескіндеуші нүкте алыстайтын (тепе-теңдіктің тұрақсыз жағдайында) нүктені атаймыз.

Фазалық траекторияның абсцисса өсіне қисаю бұрышы α   келесідей анықталады:

 

                                             (10-8)

 

мұнда α – қисаю бұрышы.

Егер  болса, анықталмағандық пайда болады. Анықталмағандыққа сәйкес нүктелер ерекше нүкте деп аталады. анықталмағандақты  Лопиталь ережесімен аша отырып ( F1 және F2 Тейлор қатарына жіктеп және оларды түзулендіріп), ерекше нүктенің типтерін анықтайды (түйін, фокус, ер тоқым).

Шекті цикл деп осы шекті циклдің тарту немесе тебу аймағында жататын көршілес траекториялар «оралатын» немесе «айрылатын», оқшауланған жабық траектория аталады. Қисықсызықты жүйелерде шекті цикл автотербелістерге сәйкес келеді. Тұрақты автотербеліс жағдайында барлық шекті циклдің ішінде және сыртында орналасқан фазалық траекториялар шекті циклге жақындайды, «оралады». Тұрақсыз автотербеліс жағдайында барлық шекті циклдің ішінде және сыртында орналасқан фазалық траекториялар шекті циклден тебіледі.  

 

х

у

Шекті цикл

  


 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

10-8 сурет. Тұрақты автотербелістер

 

 

х

у

Шекті цикл

  


 

  

 

 

 

 

 

 

 

10-9 сурет. Тұрақсыз автотербелістер

 

Түзу сызықты жүйелердің фазалық кескіндерін құру қиындыққа соқтырмайды және фазалық траекториялар теңдеулерін интегралдау арқылы іске асырылады.

Қисықсызықты жүйелер үшін бұл мәселе күрделі, себебі көп жағдайда фазалық траектория теңдеуін аналитикалық формада алу мүмкін емес.

Сондықтан қисықсызықты жүйелердің фазалық кескіндерін құру үшін жуықтау әдістерін қолданады: фазалық траекториялар теңдеулерін сандық интегралдау, изоклин әдісі, жинақтау әдісі.

Фазалық кеңістік әдісі екінші дәрежелі жүйелерді зерттегенде кең тарады. Бұл жағдайда фазалық кеңістік жазықтық болады. Фазалық жазықтық координаты ретінде жүйенің шығыс координатасын Y және оның туындысын Ý аламыз. Егер балгілеулер енгізсек:

 

                                              Y=Y1

                                     (10-9)

 

 Екінші дәрежелі қисықсызықты жүйе теңдеуінің дифференциялдық теңдеуі келесі түрде жазылады:

 

                                   (10-10)

 

мұнда: P,Q – қисықсызықты функциялар.

Екінші теңдеуді біріншіге бөліп, уақытты ескермей келесіні аламыз:

 

                                  (10-11)

 

(10-11) дифференциялдық теңдеуін шешу, берілген жүйенің фазалық траекториясын жасайтын фазалық жазықтықтағы қисықтар тегін береді.

Фазалық траекториялар үшін теңдеулерді сандық интегралдауды қолданғанда (10-11) типті теңдеуді интегралдау қажет.

Бірқатар жағдайлада мұндай есептеулерді жүйенің сапалық зерттеуін жүргізгеннен кейін орындайды. Бұл жағдада дифференциялдық теңдеулердің сапалық теорияларының әдістерін қолдану нәтижесінде, фазалық кескіндер құрылымын анықтайды –осы жүйедегі мүмкін болатын тепе-теңдік жағдайлар саны мен типі, шекті циклдер саны және олардың өзара орналасуы, яғни осы жүйедегі жұмыс режимдерінің барлық жиындары анықталады. Ары қарай сандық әдістер көмегімен берілген бастапқы шарттар үшін есептеулер орындалады.